Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.05.2018

Ата- аналар назарына! Алматыда балабақша кезегіне тұру 15 мамырда басталады


2018 жылдың 15 мамырынан бастап (мемлекеттік және мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік) балабақшаға балалар қабылдау басталады. Жаңа автоматтандырылған кезекті басқару жүйесіне өтуге байланысты өтініш беруші мемлекеттік және мемлекеттік тапсырыс бойынша жеке меншік балабақшаларға кезекке қою және жолдама алу balabagsha.open-almaty.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.

Бұл үшін 2018 жылдың 15 мамырына дейін қызмет алушы:

1. Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды кілт алады.Көрсетілген сайт арқылы электронды кілт арқылы жеке кабинетке кіреді.

2. Жеке кабинетте ұялы байланыс телефоны нөмерін көрсетеді немесе өзгерте алады. Ұялы байланыс телефоны кезектің келгені туралы хабарламаны алу үшін қажет.

1. Қараша және желтоқсан айларында туылған балаларды кезекті басқару жүйесі автоматты түрде келесі жылы туылған балалармен бір кезекке орналастырылады.

2. Жүйеде бос орындары бар мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар ғана көрсетіледі.

3. Жолдама алу уақыты- 3 (үш) жұмыс күні.

Егер берілген мерзімнен асып кетсе, қалған бос орындарды кезекті басқару жүйесі барлық кезекте тұрған өтініш берушілерге жолдама алуға мүмкіндік ашады.

4. Жолдама алғаннан кейін ата-ана өздері таңдаған балабақшаға 5 (бес) жұмыс күні ішінде міндетті түрде баруы тиіс.

 Сұрақтар бойынша, мына қызмет көрсету орталығына хабарласуыңызды сұраймыз:

1308; 38-33-88; 262-21-15; 293-91-61; 354-60-28; 303-42-48; 302-18-21

sp.ddoalmaty@gmail.com, немесе Алматы қаалсы бойынша кез келген мемлекеттік балабақшаларға хабарласуға болады.

 Видео бейне: https://youtu.be/inQ6wcqnBAs

 

 

 

 

 

 

 

 

12.05.2018