Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.04.2019

«Алматы марафоны» 2019 жарысына 53 елден жүгірушілер келеді


2019 жылы 21 сәуір күні Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды оқиға – «Алматы марафоны» өтеді. «Алматы марафонының» ұйымдастырушылары – «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры биыл қатысушыларды не күтіп тұрғанын айтып берді.

 

«Алматы марафоны» сегізінші мәрте Алматы қаласының әкімдігі, бас серіктес Kaspi.kz, құрметті серіктес Sulpak және өзге де серіктестердің қолдауымен өткелі отыр.

Осы жылы сөреге ең көп қатысушы, 17 мың спортшы шығады, олардың 10 пайызы - әлемнің 53 елінен келген шетелдік жүгірушілер. Қазақстандықтармен бірге жарысқа Қырғызстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Украина, Ұлыбритания, Үндістан, АҚШ пен өзге де елдердің атлеттері қатысады. Биыл еліміздің әрбір қаласында, сонымен қатар Бішкек пен Ташкентте аймақтық амбассадарлар таңдап алынды. Олар – өз қаласында және тіптен өз елінде жүгіруді насихаттап жүрген спортшылар. Әрбір амбассадор қалада жиі ашық жаттығулар өткізеді, адамдарды жүгіруге ынталандырып, техниканы қоюға көмектеседі, тамақтану туралы кеңестермен бөлісіп, жарыстарға команда жинақтайды. Биыл әрбір амбассадор 40 адамнан құралған командасымен келеді.

«Алматы марафонына» қатысушылар дәстүрлі түрде мына қашықтықтарға жүгіре алады:   42 км; 21 км;  10 км (жүгіру және скандинавиялық жүріс); 3 км (10-14 жас) және Экиден эстафетасы (42 км 195 м команданың 6 қатысушысы үшін 6 қысқа қашықтыққа бөлінген).

Биыл 10 км бағыты өзгеріп, енді марафоншылар, жартылай марафоншылар мен 10 км жүгіруге қатысушылар мәреге дейін кездеспейді. Сонымен бірге жаңашылдықтар 3 км балалар қашықтығына да енгізілді. Оған қатысушылар тек тігінен Сәтпаев көшесінен Орталық стадионға дейін және кері қарай Республика алаңындағы мәреге дейін жүгіреді.

Барлық бағыттарды:  https://www.almatymarathon.kz/ru/events/almaty_marafon_2019/bagyit_syizbasyi/ сайтынан көре аласыздар.


12.04.2019