Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.04.2018

Мемлекеттік мекемелерде кәсіподақ ұйымын құру туралы кеңес отырысы өтті


2018 жылы қаңтардағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының 8-ші тапсырмасын орындау бойынша «Тиімді мемлекеттік басқару» еліміздің мемлекеттік органдарында кәсіподақ ұйымын құру бойынша Бостандық ауданы әкімі аппаратында аудан әкімі Б.Н. Торғаевтың төрағалық етуімен мемлекеттік, банк және ҚҚКО-да кәсіподақ ұйымын құру мәселесі қаралды.

           

Шараға ҚБ Алматы қалалық филиалының төрағасы Айнакулова Дангуль Мұхамедқермқызы қатысып мемлекеттік мекемелерде, банктерде және ХҚКО-да бастауыш кәсіподақ ұйымының құрылуы туралы толық айтып,артынан тыңдаушылардан қойылған барлық сұрақтарға жауаптар берді.

           

Кездесу барысында мемлекеттік органдарда бастапқы кәсіподақ ұйымын құруға, кәсіптік одақтың қалалық филиалына ену, кәсіподақ ұйымының төрағасын, кәсіподақ комитетіне және тексеру комиссиясына сайлау, сондай-ақ мүшелік жарналар төлеу тәртібі туралы мәселелер қаралды.

           

12.04.2018