Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.03.2018

Жоғары оқу орны студенттері арасында туберкулезді алдын алу шарасы өткізілуде


Алматы қаласы Бостандық аудандық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы қызметкерлері және «Керемет» медициналық орталық қызметкерлерімен бірге әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университентінің ұстаздары, қызметкерлері мен студенттер арасында туберкулез ауруын алдын алу, туберкулез жұқпасына қарсы шаралар бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

           

Шараға аталған жоғары оқу орнының ұстаздары, қызметкерлер мен студенттер қатысты.

Дөңгелек үстел барысында түберкүлезге қарсы жүргізілетін және жүргізіліп отрыған шаралар, өзекті мәселелер және қойылатын мақсаттар туралы талқыланды.

           

Анықтама үшін

ТУБЕРКУЛЕЗ 

- Бұл aғзағa туберкулез бактериялары түсіп дамитын жұқпалы ауру. 

- Ең алдымен өкпе залалданады, кейде ми мен оның қабықшалары, омыртқа, бүйрек, лимфа туйіндері, буын, жыныс мүшелері және басқалары залалданады. 
- Жұқтыру негізі туберкулезге шалдыққан адам болып табылады. 

 ТУБЕРКУЛЕЗ НЕЛІКТЕН КАУІПТІ АУРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. 

- Жылсайын 8,8 миллион адам туберкулезбен аурады 
- Ем қабылдамайтын әp6ip наукас 10 адамнан 15 адамға дейін ауруын жұктырады 
- Туберкулезге шалдыққандардың 75% 20 - 40 жастағы адамдарды кұрайды 
- Жылсайын 2 миллион адам қайтыс болады 
- Туберкулезді дуниежүзінде әр секундта 1 адам жұктырады 
- Жұқтырғандардың тек 5 -10%-ында ғaнa ауру дамуы мумкін 

ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЖҰҚТЫРУ ҚАЛАЙ БОЛАДЫ 

Егер ауру адам жөтеліп түшкірсе, туберкулез қоздырушысы ayaғa түседі. Залалданған ауамен айналадағы адамдар демалатын болса, бактериялар тыныс алу жолдарымен өкпеге түседі. Туберкулезді осылайша жүқтыруға болады. 

Сондықтанда уақтылы туберкулезге тексеруден өтуді ұмытпаңыз!

 

12.03.2018