Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.02.2018

«Жедел ішек аурулары» мен «Тағамнан уланудың алдын-алу шаралары», «Сальмонеллез» өндірістік бақылауды қамтамасыз ету туралы»


 2018 жылдың 09 ақпанда Алматы қаласы Бостандық ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің мамандары «Қағанат» ЖШС «EVOLIN» асхана жұмыскерлерімен санитарлық талаптарды түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өткізді.

           

 Семинар-кеңеске қатысушыларға ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 239 бұйрығымен бекітілген "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары" және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы№216 бұйрығымен бекітілген «Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидалары»және ҚР  Ұлттық экономика министрінің 2015жылғы 19 наурыздағы  №234 бұйрығымен   бекiтiлген  «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»санитариялық қағидалары түсіндірілді.

Семинар-кеңеске қатысушылар өндіріске түскен шикізатты, тамақ өнімдерін қабылдау, пайдалану туралы сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.


12.02.2018