Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.01.2018

Алматыда «Үздік жаңа жылдық безендіру» байқауы қорытындыланды


Алматыда «Үздік жаңа жылдық безендіру» конкурсының қорытындысы шығарылды.

 Байқауға қаланың 295 кәсіпкерлік нысаны мен түрлі мекемелер қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жұмыстарды бағалау барысында нысандардың сыртқы келбеті мен маңайдағы аумақтарды безендірудегі креативтілік, көркемдік ерекшелік және ұтымды композициялық шешім басты назарға алынды.

           

Конкурс 12 номинация бойынша өтті. «Үздік безендіру» номинациясы бойынша Бостандық ауданынан 3 нысан жеңімпаз атанды «The Ritz-Carlton Almaty»  қонақ үйі,   «АПТЕКАПЛЮС» дәріхана,   «Villa dei Fiori»  мейрамханасы.

Айта кетейік, «Жаңа жылдық үздік безендіру 2019» конкурсына қатысу үшін өтінімді 2019 жылдың 1 қазанына дейін беру қажет. Нысандарды безендіру 2019 жылдың 15 қарашасында аяқталуы және безендіру 2019 жылдың 1 желтоқсанынан 2020 жылдың 15 ақпанға дейін сақталуы тиіс. Конкурсқа өз ғимараттарының сыртын және жақын орналасқан аумақты безендірген кез-келген кәсіпорын, шағын және орта бизнес объектілері, қала мекемелері қатыса алады.  



12.01.2018