2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.03.2015

«Қазақстан әйелдері» журналына 90 жыл


ҚР Ұлттық кітапхананың мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында «Қазақстан әйелдері» журналының 90 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.

«Қазақстан әйелдері» журналы әйелдерге арналған қоғамдық-саяси, әдеби-көркем, қазақ тілінде шығатын журнал. Алғашқы нөмірі 1925 жылғы мамыр айында «Теңдік» газетінің негізінде «Әйел теңдігі» атауымен Орынбор қаласында шықты. 1926 жылғы шілде айынан бастап «Теңдік» газеті таралымы 3000 дананы құрайтын «Әйел теңдігі» атауымен шыға бастады.

Журналдың алғашқы редакторы – Қазақстанның қоғам қайраткері, редакторлар мен журналистер арасындағы тұңғыш әйел, Қызыл киіз үйлер мен сенбіліктердің ұйымдастырушысы Сара Есова (1925-1932 ж.). Сара Есова одақтағы белді зейнеткер болды, кейіннен көп жылдар бойы А.С Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасында сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде бас библиограф болып қызмет атқарды.

Журналдың мақсаты көп әйел алуға, қалыңмал беруге тыйым салу, қазақ әйелдерінің қоғам өміріндегі еркіндігі туралы халыққа насихаттау және түсіндіру болды. 1955 жылғы қаңтар айынан бастап журнал «Қазақстан әйелдері» болып қайта аталды.

Кейіннен журнал көп жоспарлы болды, саяси астарсыз және әйел жұртшылығы арасында үлкен қолданысқа ие болды. Отбасылық толықтүсті журнал, оның ерекше шынайы және оқырмандармен сенімді тілдесу стилі жылдан - жылға жинала бастады. Жүз мыңдаған отбасы ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі түрде жазылып отырды.

Бүгінде басылым өзінің әйел оқырмандарына танымал тұлғалармен өмірдегі өзекті мәселелер тақырыбындағы, сән үлгілері, денсаулық, аспаздық, отбасындағы қарым-қатынас жайлы және түрлі психологиялық кеңестер мен басқа да көптеген қарапайым және ашық сұхбаттарды ұсынады.

Журнал «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1976). Журналды шығаруға қатысқандар және әр уақытта редакция мүшелері болғандар: Н. Құлжанова, Н. Арықова, А.Оразбаева, Р.Ермекова, М. Қойбағарова. 1980 жылдардың аяғында таралымы 430 мыңнан астам дананы құрады. Қазіргі таңда 11 мыңнан астам дананы құрайды.

Көрмеде «Қазақстан әйелдері» журналының әр жылдағы басылымдары, қазақстандық авторлардың журнал тарихы мен дамуы туралы мақалалары ұсынылған.


11.03.2015