Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.10.2018

Аудан активі Президент Жолдауын талқылады


Бүгін Бостандық ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында аудан активі Мемлекет басшысының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды.

           

Кездесуді аудан әкімі Рақымбетов Алтай Ерғазыұлы басқарды. Оған «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасыынң бірінші орынбасары- Жамбулов Баймұрат, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Биржанов Хамид Біржанов, аудандық құрылымдар басшылары, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ТКШ, ШОБ және т.б. мекемелерінің өкілдері мен « Жастар қанаты» белсенділері қатысты.

           

Н.Назарбаев 6 негізгі бағытты белгіледі - бұл халықтың кірістерінің өсуі; өмір сапасын жақсарту; жайлы өмір ортасын құру; азаматтардың қажеттіліктеріне бағытталған мемлекеттік аппарат; тиімді сыртқы саясат; елдегі трансформация процестеріне әрбір қазақстандықтың қатысуы.

           

Президент өз Жолдауында   белгілеген 6 негізгі бағыты туралы №92 мектеп директоры -Жиенбаев Ерұлан Асентайұлы, әль-Фараби атындағы ҚазМУ тәрбие ісінің проректоры- Жаманбалаева Шолпан Ерболқызы, «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданы филиалының саяси кеңес мүшесі –Булекбаев Виктор Иртасович және «Нұр Отан» партиясы «Жастар қанаты» ұйымынның төрағасы - Курмаш Арыстан-баб Сайлауұлы сөйледі.

Өз баяндамаларында сапалы және қолжетімді баспана беру, білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту, тұрғын үйді тиімді басқару, мемлекеттік аппаратты модернизациялау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін көтерді.

 

11.10.2018