Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.10.2017

Туберкулезді алдын алу шаралары өтті


Аудан мектептерінде 1-ші сынып оқушыларын туберкулезге қарсы ревакцинациясын ұйымдастыру және «қауіпті топтағы»  балалар арасында туберкулезді ертерек анықтау бойынша іс-шараларды күшейту мақсатында Бостандық ауданы мектептерінде алдын алу  жұмыстар жүргізілді.

Аудандағы 27 мемлекеттік мектеп, 6 мектеп интернаты мен 15 жеке мектептердің 1 сынып оқушылар арасында Манту сынамасы  жоспарланған 4145баланың  3931 (94,8%) балаға жүргізілді. Оның ішіндегі туберкулезге қарсы егуге рұқсат алынғандар саны 1581дің 1513 бала егілді 95,7 пайызды құрады. Манту сынамасы нәтижесі бойынша алғаш рет оң нәтиже алғандар арнайы фтизиопедитрларға бағытталды. Манту сынамасынан 93 және екпеден бас тартқандар саны-7 ата-ана болды,  олармен  жүргізіліп жатқан шаралардың маңыздылығы түсіндірілді.

 Бұл компания арнайы дайындалған мектеп және емхана медицина қызметкерлерімен, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің бақылауымен жүргізуде. Жұмыста ауытқулар, екпеден кейінгі асқынулар байқалмады.

 

11.10.2017