Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.09.2018

Бастауыш партия ұйымдарының хатшыларымен кездесу


Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Баймурат Жамбылов аудандық бастауыш партия ұйымдарының хатшыларымен кездесу өткізді.

           

Білімі, біліктілігі мен белсенділіктерін арттыруға арналған семинарда Баймұрат Мұратханұлы Қарағанды қаласында өткен форумдағы көтерген мәселелерден бастады.   Артынан партияішілік тәртіпті, ай сайынға жарна төлемдерін уақытында жіберу, партиялық жобаларды іске асыру секілді негізгі жұмыстарды пысықтады. Партияның жұмысына ұқыптылықпен, тиянақтылықпен және жауапкершілікпен қарау керектігі баса айтылды.

Сондай-ақ, филиалдың Партиялық бақылау комиссия мүшелерімен таныстырып, олардың алдағы уақытта жұмыс тәртібін қадағалау мақсатында жиі аралап жүретіндігін жеткізді.

Хатшылар филиал төрағасына өз ұсыныстары мен сұрақтарын қойып, қажетті ақпараттарын алып тарқасты.

11.09.2018