Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.07.2018

Алдағы уақытта Алматыда 500 аса ескі үйлер сүріледі


Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында ескі үйлерді бұзу бағдарламасын жүзеге асыру, аулаларды абаттандыру және қаланың бірқатар даңғылдарын жаңарту барысымен танысты

Бостандық ауданында Сүлейменов көшесінің қилысы мен Жандосов көшесінен жоғары 50 жылдары салынған үйлерді бұзу жұмыстары басталады. 8 пәтерлі үйдің орнына «Алматы ӘКК ҰК» АҚ жеке құрылыс жүргізушімен бірге орталықтандырылған коммуникация жүйесі бар көпқабатты тұрғын үй салуды жоспарлаған. Жалпы осы аймақта 44 ескі үй бұзылады.

           

Сонымен қатар, Жетісу ауданы Райымбек даңғылы бойындағы 2,7 га жерге орналасқан екі қабатты апатты үйлер алынады. Жалпы, таяу жылдары 500 ескі және апатты үйлер бұзылып, олардың орнына 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады. «Бұл бағдарламаны жүзеге асыру бірқатар мәселені шешуге жол ашады. Қаланың келбеті өзгереді, жұмыс орындары ашылады, инвестиция тартылады, ең бастысы, қалалықтардың тұрмыстары жақсарады», - деді Бауыржан Байбек.

Жұмыс сапары кезінде қала әкімі Әуезов ауданындағы жаңарған аулаларды көрді. Биылғы жылы 65 аула жөнделеді. Егер өткен жылы қалада 500 аула жөнделсе, биыл тағы да 600 аула жаңарады. Жаңа аулалар салу жоспарында балалар және спорт алаңдары бар. Қосымша тренажер және ойын кешендері пайда болады. Олардың едендеріне асфальт және резина төселеді. Орындықтар мен қоқысқа арналған жәшіктер қойылады, жарық көздері орнатылады. Кейбір аулаларға пилотты режимде күн сәулесімен жұмыс істейтін жарық бағаналары орнатылған. Кейін олар өзге аулаларды жөндеген кезде кеңінен пайдаланылады деді. Сондай ақ, Алматы әкімі қаланың тарихи орталығын жаңартуға қатысты жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының қарқынымен танысты.

Айта кетейік, Қазіргі кезде Абай, Абылай хан, Назарбаев даңғылдары мен Абай алаңында инженерлік желілерді қайта жүргізу, тас төсеу, жарық бағаналарын, суару жүйелерін ауыстыру, кіре берістер мен нысанның сыртқы келбетін өзгерту жұмыстары жүріп жатыр. Реконструкция аясында жаяу жүргінші аймағы кеңейеді, көлеңкелі кеңістікке жасыл желек отырғызылады, фонтандар жаңарады және салынады.  


11.07.2018