Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.05.2018

Алматы қаласында жазғы терраса ашу бойынша жаңа тұсаукесер жасалды


Бостандық ауданында Гагарина көшесі бойындағы «Мята» жазғы Лаундж-барда аудан әкімі Бекқали Нұрғалиұлы Торғаевтың төрағалық етуімен қаладағы жазғы террасалар ашу бойынша жаңа тұсаукесер жиынын өтті.

           

Бас қосуға Алматы қаласының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының өкілдері, ауданның бас сәулетшісі Е. Сембаев, «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ-ның директоры Н.Ливинская және ауданның 30-дан астам кәсіпкерлері қатысты.

           

Кездесудің негізгі мақсаты стационарлық қоғамдық тамақтандыру мекемелеріндегі маусымдық (жазғы) кафелерді орналастыру және пайдалану ережелерін түсіндіру.

           

Жиын барысында регламентті жариялағаннан кейін ауданның сәулетшісі Сембаев Еркебұлан Алдашұлына сөз берілді. Ол жазғы террасаларды орналастыру бойынша техникалық регламенттерді, ережелерді, жалпы жазғы терраса ашу қағидаларын түсіндіріп берді.

Арыда күн тәртібіне қойылған бірнеше сұрақтар талқыланды.

 

Анықтама үшін:

Бостандық ауданы бойынша мейрамханалардың жалпы саны - 146, шағын қоғамдық тамақтану орындары (кафе, тағамдар, барлар) - 428, оның ішінде магистралды көшелер бойындағы жазғы террасалар саны - 50.

2017 жылы басты магистралды көшелер бойында 50 жазғы алаң пайда болды, оның ішінде 38 ережелерге сәйкес келмегендігі үшін бұзылып, ал 6- жаңартылды.

Ағымдағы жылы 4 жоба мақұлданды, қазіргі заманғы форматта ұйымдастыру бойынша 14 жазғы террасаға өтініш берілді, 15 нысан бойынша эскиз-жобалар дайындалып жатыр. Ал 11 нысан үшін жазғы террасаларды орналастыру техникалық жағынан мүмкін емес.

Мысал ретінде, стационарлық қоғамдық тамақтандыру мекемелерінде маусымдық (жазғы) кафелерді орналастыру, және пайдалану ережелеріне сәйкес келетін 2 жазғы терррасаның тұсаукесері өтті.

Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту, жұмыс деңгейін арттыру мақсатында 2017 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 9,3 млрд. теңгеге 33 жоба мақұлданды, оның ішінде субсидия мөлшері 2,8 млрд. теңге (қала тұрғысында 23,4%). 450 бірлік жаңа жұмыс орындары құрады.

Бағдарлама бойынша мақұлданды:

- жабдықты сатып алу үшін - 11;

айналым қаражатын толтыру - 7;

- инвестициялық мақсаттар үшін - 15.

Осы бағдарлама аясында 2017 жылы жалпы сомасы 23 млн. теңгеге 11 жоба - өтеусіз гранттар алынды.

«Бизнестің жол картасы - 2020» аясында 2018 жылы, Алматы қаласы Бостандық ауданы мемлекеттік субсидиялар сомасы 683.7 құрады, оның 4,2 млрд теңге сомасында, Алматы қаласының өңірлік Үйлестіру кеңесінде 4 жоба (Алматы 10 жоба) мақұлданды. Бағдарлама бойынша 237 жаңа жұмыс орны ашылды.

 

 

 

 

 

11.05.2018