Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.04.2018

«Мега Алматы» Сауда ойын-сауық орталығында өрт сөндіру бойынша оқу- жаттығулары өтті


Бостандық ауданында орналасқан «Mega-Almaty» сауда ойын-сауық орталығында өрт сөндіру және эвакуациялау бойынша оқу жаттығулары өтті.

           

Жаттығу барысында автоматты ескерту жүйесі іске қосылып, келушілерді ғимараттан жедел шығулырын жариялады. Болып жатқан жағдайға дереу бағдар ала алмай абдырап қалған келушілерге сауда орталығының күзетшілері көмек көрсетті.

           

Сценари бойынша өрт кинотеатр мен авто паркинг аумағында болды.Эвакуация 10 минуттан аз уақытты алды, сонымен бірге «Mega-Almaty» өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері өрт болған кезіндегі жедел іс әрекет ету дағдылары мен эвакуациялау тәсілдерін көрсетті.«Сауда ойын-сауық орталығының барлық қызметкерлері эвакуация кезінде төтенше жағдайда өзара әрекеттесу туралы әзірленген нұсқаулыққа сәйкес жұмыс жасады.

           

Айтпақшы, нақты өрт болған жағдайда, өрт аймағына қарамастан Мегаға 20 өрт сөндіру машиналары келе алады, оның ішінде 4 автосатылары бар машиналар.

Оқу-жаттығу шарасы Ресейдің Кемерова қаласында «Зимняя вишня» сауда орталығында болған өрт жағдайынан кейін өткізілуде.Онда жалпы саны 64 адам қаза болған.

11.04.2018