Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.04.2017

"Ілияс оқулары" байқау өтті


 Өткен сенбіде Алматы қаласы Бостандық ауданы  № 65 Жалпы білім беретін мектеп базасында  Бостандық  ауданды Білім бөлімінің  қолдауымен    жалпы білім беру мектебтерінің  7- 11 сынып оқушылары  арасында   аудандық  Ілияс оқулары  өтті.

  Шараның  басты мақсаты –оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Ілиястың  поэзиясымен, прозалық, драматургиялық шығармаларымен  және  ғылыми зерттеулерімен  танысып, ол   туралы өз ой-пікірлерін   ғылыми      тұрғыда жеткізе білуге  дағдыландыру.

             

Байқауға қатысуышлар төрт номинация бойынша ақынның шығармалары мен ақынға деген өз арнауларымен сайысқа түсті.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:

«Бас жүлде» №138 мектеп оқушысы Касимова Гүлұр,

 I –орын - №191 жалпы білім беретін мектеп Абдраймова Мадина;

 II- орын- №140 гимназия Арыстанбек Мариям, № 81гимназия Бекова Ләйля,

 III- орын- №140 гимназия Қайратова Назерке, № 23 гимназия Вологина Милана және №65 мектептен Насырбек Дәулет иеленді.

           

Байқауда  № 88 мектеп оқушысы  Қожамұрат Рауан, № 183 мектептен келген  Рысқұлбек Елдана, № 65 мектептің атынан шыққан  Насимхан Рахат пен Сейсенбек Ақнұр ерекше көзге түсіп, №65 мектеп өкілі корей қызы Сонг Алина, №23 мектептен атын қорғаған Палецкая Ксения  мен Вологина өзге ұлт өкілдері «Сәтті қадам», « Көрермен көз айымы» номинацияларымен марапатталды.

Барлық жеңімпаздарға грамота және естелік сыйлықтар табысталды.

11.04.2017