Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.04.2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды күшейту негізгі міндет - Б.Торғаев


  Елбасының 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының 5 басымдығында «Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты» делінген. Осыған орай, Президентіміздің салмақты саясатын ұстанып, бәсекеге қабілетті әлем алдындағы 30 елдің қатарына кіру жолында қоғам алдында белең алып отырған сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу әрбір адамзаттың қоғам мен өскелең ұрпақтың алдындағы азаматтық борышы.

Басты мақсат – қызметтегі неғұрлым сыбайласқан саланы алдын ала анықтау және қазіргі заманның қоғам дертіне айналған жемқорлыққа бөгет жасап, жымдастқан әрекеттерге ықпал ететін факторларды жою.

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың мемлекеттік саясатын белсенді түрде қолдайды, әсіресе «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі стратегиясын» іске асырып, осы бағыттағы іс-шараларды жүзеге асырады.

Аудан басшылығы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оны болдырмау жөніндегі қажетті шараларды қабылдап отырады, сондай-ақ қызметкерлер арасында осы теріс құбылыстың алдын алу жөнінде тұрақты негізде жұмыстар жүргізеді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының аясында, былтырғы жылы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін конкурстық іріктеуден ішкі конкурс бойынша - 5 қызметкердің лауазымы жоғарылатылды және жалпы конкурс бойынша - 12 қызметкер жұмысқа қабылданды.

Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін тоқсандық және жылдық бағалау жүргізіледі. Жылдық бағалау бойынша өткен жылы 37 мемлекеттік қызметшіге бағалау жүргізілді, оның ішінде «өте жақсы» бағасымен – 4, «тиімді» - 27, «қанағаттанарлық» - 6 мемлекеттік қызметші өтті.

Бостандық ауданының әкімі аппаратында мемлекеттiк қызметшілер жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасындабелгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы, одан тыс жерлердегi кірістері мен мүлкi туралы декларацияны уақытында тапсыру қатаң бақылауға алынған.

Әкім аппаратында қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тәртіптік теріс қылығына қатысты фактілерді зерттеу және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану» туралы қағадаларда көзделген тиісті ұсынымдарды шығару үшін тәртіптік комиссия құрылған. Дегенмен, 2016 жылдың қорытындысы бойынша тәртіптік комиссия ұсынысымен тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Сондай-ақ, аппаратқа келіп түсетін хаттарды қарау күнделікті жүргізіледі және дер уақытында жауаптары беріледі, олардың ары қарайғы қорастырылуы басшылық тарапынан қатаң бақылау алынған.

Аудан әкімі аппаратында ұйымдастырылатын жиындар, кездесулер және де т.б. іс-шаралар кезінде қызметкерлердің қандай да бір жағдайларда өз мінез-құлқын нақты білуі үшін, қызметкерлерге кодекстердегі қызметшілердің мінез-құлқын егжей-тегжейлі регламенттеу, сондай-ақ ережелер әдеп кодексінде белгіленген бұзушылықтар үшін нақты санкцияларды және оларды сақтау бойынша бақылау механизмін санамалау, сонымен қатар «мүдделер шиеленісі» ережесін сақтау туралы ұстанымдар ұдайы түрде басшылық тарапынан ұсынылады.

  Осымен қатар,Бостандық ауданы әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсында бастапқы парақшасында (Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспары, сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда қайда хабарласу, сыбайлас жемқорлыққа қарсылық туралы жадынама) құрылымдық бөлімдері бар, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" тақырыптық баннер орналастырылған. Сонымен қатар, барлық бөлімдер бойынша мәліметтер ұдайы жаңартылып тұрады. Сондай-ақ, аталмыш ресми интернет-ресурсында "Алматы аймақтық 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жоспарын" жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ұдайы орналастырылады.

   Бостандық ауданы әкімінің аппараты және барлық аудан аумағында орналасқан мекемелердің, мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асыру барысында, барлық сатып алу және әкімшілік-шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы өтеді. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері электрондық порталда жарияланады.

   Аудан әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

  Аудан әкімі халықпен кездесуінде және тұрғындардың қатысуымен өткізілетін жиындарда жемқорлық мәселелеріне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, оның ішінде жемқорлыққа итермелейтін іс-әрекеттер, олардың алдын-алу мәселелері айтылады. Мемлекеттік қызметшілердің арасында құқықтық білімді жүзеге асыру шеңберінде, аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен семинар-оқулары жүргізіледі. Аталған семинарларда жемқорлық әрекеттер орын алған жағдайда онымен күрес, жемқорлық әрекеттерінің төмендеуіне жергілікті органдардың ықпал етуі жөніндегі сұрақтар қарастырылады.

   2016 жылдың 14 қаңтарында аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Б.Торғаевтың және Алматы қалалық аумақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және кәсіби біліктілігін көтеру орталығы директоры А.Тоқтыбековтың, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департамент өкілінің қатысуымен "Жаңа кәсіби стандарт" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараны өткізу барысында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған заңнамалар туралы айтылды.

   2016 жылдың 16 ақпанында аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық ардагерлер және зейнеткерлер кеңесінің жетекшісі және әкімнің жергілікті өзін-өзі басқару комитеті сұрақтары бойынша координатор-кеңесшісінің қатысуымен Қазақстан Республикасының "Қоғамдық кеңес туралы" Заңының бабтарын түсіндіру кеңесі өтті. Шараға аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің өкілі, аудандық ардагерлер және зейнеткерлер кеңесі, бастауыш партия ұйым мүшелері қатысты. Шараға қатысушылар арасында жемқорлыққа қарсы және жемқорлықпен күресу жолдары жөнінде айтылды.

  2016 жылдың 17 наурызында аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша құқықтық жаппай оқыту дәрісі өтті. Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтіндігі және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталғандығы жөнінде сөз қозғалды.

   Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқықтарын бақылаушы мемлекеттік органдардың тарапынан олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің коммерциялық құқықтары мүддесін қорғау жайттарының алдын алу туралы барлық жиындарда ескертіледі.

   Азаматтардың мемлекеттік басқару органдарына сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көріністерге ымырасыз қатынастарын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

   Сонымен қатар, ай сайын тұрақты түрде аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен жиын өткізіледі. Күн тәртібінде талқыланатын сұрақтың бірі - қоғамдық орындарда азаматтардың мінез-құлық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы, ұсақ құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған заңнамаларының ережелерін қалыптастыру мақсатында халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізу. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастар туралы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

   2016 жылдың 05 шілдесінде аудан әкімінің мәжіліс залында аппарат қызметкерлердің арасында құқықтық жаппай оқыту шеңберінде "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының негізгі қағидалары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің бас ережелері" атты семинар өтті. Семинарға "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті" РММ-нің өкілі Б.Кулантаев қатысты. Күн тәртібіндегі сұрақтармен қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидалары туралы айтылды.

Өткен жылдың 16 тамызында аудан әкімінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Б.Н.Торғаевтың төрағалығымен "Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Анапин Мақсатхан Анапияұлы, Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Нұрмаханбетов Нұрлан Төреханұлы, Бостандық ауданы прокуратурасының аға прокуроры Оспанқұлов Шынғыс Бауыржанұлы, "Родник" әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталығының директоры Балабаева Нина Николаевна қатысты. Дөңгелек үстел жұмысы аясында құқық бұзушылықтарға, оның ішінде ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидаларына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелеріне ерекше назар аударылды.

  Сондай-ақ, "Нұр Отан" партиясы Бостандық ауданы филиалы ғимаратында аудан әкімі, партия төрағасы Б. Торғаевпен бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі, аудан прокуроры, Ішкі істер басқармасы бірлесе қоғамдық қабылдау өткізіледі. Аудан тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын өткізу кезде, назарларын құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын іске асыру мәселелеріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларына аударады.

2017 жылдың 22 ақпанында "Нұр Отан" партиясы Бостандық аудандық филиалында партиясының саяси Кеңесі бюросының кеңейтілген отырысы болып өтті. Жиынға партияның саяси Кеңесі бюросының мүшелері мен Алматы қаласы мәслихат депутаттары қатысты. Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының  бақылау партиялық комиссиясяның құрамына өзгерістер еңгізу туралы, «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңесінің жұмыстары талқыланды.

Осымен қатар, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының жемқорлыққа қарсы Кеңесімен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар арасында жемқорлыққа қарсы Заңды түсіндіру бойынша 14 меморандум жасалған.

   Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында 2016 жылы білім беру мекемелерінде дөңгелек үстелдер, семинарлар, кездесулер, және жемқорлықтын алдын алу қағидасын қалыптастыру бойынша 21 іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының жемқорлыққа қарсы Кеңесіне тұрғындардан 61 жазбаша, 223 ауызша өтініш түсті. Аталмыш өтініштерге өз кезегінде құзырлы органдардың қатынасуымен тиісті жауаптар берілді.

    Бостандық ауданы аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелерде (жалпы білім беретін мектептер, балабақшалар, жоғары және орта арнаулы оқу орындары, күштік органдар, тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен заңбұзушылықты болдырмау мақсатында жұмыстар жіті қадағалауға алынып бейнекамералар орналастырылған. 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағындағы 4460 бейнекамералар орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандырып, тұрғындарға түбегейлі түсіндіру аудан әкімі аппаратының негізгі бағыттарының бірі болып қала бермек. 

11.04.2017