2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.02.2020

Аудан әкім азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады


Бүгін,11 ақпанда  Бостандық ауданы әкімі Алтай Рахымбетов азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Әкіммен кездесіп, өзінің толғандыратын сұрақтарын қою үшін әр сейсенбі  күні Бостандық ауданы әкімі аппаратында өтетін жеке қабылдауға жазылуға болады.  Аудан әкімі қабылдауға жазылған кісілердің барлығын кедергісіз қабылдайды.

Бүгінгі кездесуде әлеуметтік сипаттағы мәселелер көтерілді - ПИК және жол жөндеу жұмыстары, жер, тұрмыстық қалдықтарды салатын контейнер орнын ауыстыру туралы, сонымен қатар аудан аумағында өзгерістерді үнемі қадағалап отыратын белсенділеріміз оны жақсарту бойынша ұсыныстарын айтты. Әрбір сұрақ бойынша тұрғындарға жауаптар, түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.

Азаматтардың барлық өтініштері ерекше бақылауға алынды. Жеке қабылдау әр сейсенбі сайын сағат 10.00-ден бастап,  соңғы азаматқа дейін жүргізіледі.

Қабылдауға 274-82-88, 274-43-80 телефондары арқылы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде жүзеге асырылады.


11.02.2020