Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.02.2019

Бостандық ауданында интернационалист – жауынгерлерді еске алу күніне орай Ауған соғысына қатысушы ардагерлеріне қошемет көрсетілді


15 ақпанда елден жырақта әскери міндетін атқарған Қазақстандықтарды еске алу күні.

Осы атаулы датаны атап өту қарсаңында Бостандық ауданы әкімі    Рақымбетов Алтай Ерғазыұлы және әкімнің орынбасары Әділбаев Серік Бикенұлының қатысуымен аудандағы «Москва» бильярд клубында Ауған соғысына қатысушы ардагерлерді мадақтау рәсімі өтті.

           

Шара аясында ауған соғысы ардагерері арасында аудандық биллиярд турнирі өткізілді. Сайысқа 30–дай ардагерлер қатысып, үлкен қартысты өнер көрсетті.

           

Совет әскерлерін Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуымен құттықтай отырып, Алтай Ерғазыұлы: «Бүгін біз сол сұрапыл соғыста азаматтық борышын өтеп жүріп бақилық болған жерлестерімізді еске алып құрметтейміз. Бұл ерекше күн, бүгін біз Ауған соғысының барлық қиындықтарына төтеп берген жерлестерімізге алғыс айтамыз. Мен өзімнің және аудан атынан Сіздерге үлкен рахмет айтып, алғыс білдіремін! Сіздерге ашық аспан, зор денсаулық және бақыт тілеймін!«,- деді турнирді ашып берген аудан басшысы.

           

«Біз оларды спортқа баулимыз, сонымен қатар, бұл күйбең тірліктен біршама арылып көңіл көтеруге және қарым-қатынасқа арналған шара. Бастысы жеңіс емес мұнда әдеттегідей, достық жеңеді», - дейді турнирді ұйымдастырушылар.

           

Шара соңында жеңімпаздарды құрмет грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапаттап, ақ дастарханға шақырылды.

           

Өз кезегінде жеңімпаздар турнирді ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

11.02.2019