Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.10.2018

Мемлекеттік органдардың нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы іс қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб кеңесі өтті


Қазіргі уақытта нашақорлық проблемасы әлемдік қоғамдастықта өзекті болып қалуда және оның салдары ретінде жастар арасында есірткіні пайдаланумен байланысты ахуал барлық елдер үкіметтерінің алаңдаушылығын арттырып отыр.Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлықтың таралуы кең ауқымды мәселе, сонымен қатар штаб жұмысының аса маңызды бағыттарының бірі. Оның әлеуметтік салдары бар: қылмыстар мен адамгершілікке жат әрекеттер орын алса жеке тұлғаның және жалпы халықтың кері кетуі байқалады, өлім, әсіресе жастар арасындағы өлім жағдайлары етек алуда, өмірге қауіп төндіретін дерттердің дамуы және берілуі байқалуда, ауру және кеміс балалардың тууы, ажырасулар көбеюде. 

           

Бостандық ауданы әкімі аппаратында аудан әкімінің орынбасары – Балбаева Маржан Ертайқызының төрағалығымен мемлекеттік органдардың нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы іс қимылға бағытталған қызметін үйлестіру ведомствоаралық Штаб отырысы өтіп, оның барысында ауданда есірткі бизнесіне және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының бірқатар өзекті мәселелері қаралды.

                                                                                                                                                                             

Ведомствоаралық штаб отырысына нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың мүшелері, жоғары оқу орындары мен аудандық білім беру мекеме басшылары, медициналық мекемелердің бас дәрігерлері, жалпы білім беру мектептердің тәрбие жұмысы жөніндегі мектеп басшыларының орынбасарлары, балаларға арналған демалыс орталықтарының басшылары және т.б. қатысты.

Кездесу барысында Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Сулейманова Наталья Абдулмажитқызы «Насихаттау және заңсыз жарнаманы анықтау және жолын кесу жөніндегі шараларды іске асыру туралы брошюраларды (темекі шегуден, есірткіден және маскүнемдіктен) тарату арқылы салауатты өмір салтын насихаттау мәселесі туралы» баяндама оқыды. «Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың алдын алу» тақырыбы бойынша Алматы қаласы наркологиялық медициналық-әлеуметтік түзету орталығының Бостандық ауданы бойынша дәрігер-наркологы штаб мүшесі- Қасымова Камила Асқарқызы сөз сөйледі.   

Кездесу қорытындысы бойынша нашақорлық пен есірткі бизнесіне қатысты мәселелер талқыланып, бірқатар шешімдер қабылданды.

10.10.2018