Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.10.2017

Аудан қариялары билярдтан жарысты


 «Қарттар күні» акциясын Бостандық ауданы ақсақалдары мен зейнеткерлер белсенді спортпен өткізуде. «Қарттар күні» айлығы және «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданы филиалының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасын іске асыру аясында аудандық Ардагерлер және зейнеткерлер кеңесі аудан әкімі аппаратының қолдауымен қариялар арасында бильярдтан турнир өткізді.
           

Мұндай жарыстар дәстүрге айналғаны соншалық,  қалалық, аудандық сайыстарға қатысатын ауданның ардагерлер мен зейнеткерлер кеңесінде билярдистер командасы да құрылып үлгерген. Бүгінгі турнирге қатысқан барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға естелік сыйлықтар беріліп, ақ дастархан жайылды.

           

Биылғы жылы акция аясында аудандағы қарт адамдарға емханаларда ашық есік күндері, ардагерлер арасында спорт жарыстар, мектептерде ашық сабақтар, сынып сағаттары өткізіліп, қаланың көрнекті орындарын аралау ұйымдастырылды, сондай ақ монша, сұлулық салондары  т.б. қызмет көрсету орындары қарияларға тегін қызмет көрсетуде.

10.10.2017