Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.10.2017

Төтенше жағдайлар қызметі аудан қарттарын құттықтады


Қарттар күні - біздің ата-анамыз, әжелеріміз бен аталарымызға ерекше назар аударатын мейірімге толы   мереке. Бүгінде  бұл мереке өте маңызды, қазіргі заманғы қоғамда егде жастағы адамдардың көптеген мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік беретін шақ. Біз егде адамдардың қажеттіліктерін есімізде ұстап әр қашан көмек қолын соғып отыруымыз керек.

                      

Қазан айында өтіп жатқан «Қарттар күні» айлығы аясында  Бостандық ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы да аудан қарттарын құттықтап   шаңырақтарында болды.

Соның бірі Ашихина Зоя Николаевна «Сіздер мен үшін күтпеген қонақ, тосын жағдай болды. Дегенмен Сіздерге алғысым шексіз біз сияқты   қарттарды құрметтеп, сыйлап, көңіл бөлгендеріңіз үшін үлкен рахмет»,-деп Зоя Николаевна алғысын жеткізді.

                    

Құтқарушылар Зоя әжейді мерекесімен құттықтап, азық-түлік толы сыйлық дорбасын тарту етіп, үй шаруасына көмектесіп кетті.

Сондай-ақ бұл күні  Юргенс Тамара  және Федорова Татьяна Анатольевнаның үйінде болып құттықтады. 

Қарттар күні - бұл егде жастағы адамдарға жылу мен қамқорлықтың бір бөлігін беру үшін, тағы бір  жақсы сөздер айту артық емес екендігін еске салатын мереке.

10.10.2017