Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.09.2018

Аудандаәл-Фараби атындағы ҚазҰУ қасындағы саябақта «Сәлем, көршілер!» атты мәдени шара өтті


Алматы қаласы Бостандык ауданында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ маңындағы саябақта отбасы күніне арналған «Сәлем көршілер!» тақырыбында табиғат аясындағы отбасылық демалыс мерекесі өтті.

           

«Сәлем, көршілер!» атты серуенге шыққан отбасыларға арнап музыка, фуд-корттар және көркемсурет шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

          

Ұйымдастырушылардың айтуынша, саябақтағы серуен өткізіліп жатқан орын бірнеше аймаққа бөлінген. Қала тұрғындарының игілігі үшін мұнда мәдени-интеллектуалдық шаралар, түрлі тақырыбта шеберлік сабақтары өткізілді. Саябаққа орнатылған арт-нысандар демалушылардың ерекше назарын аударды. Көркем мүсіндерді Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен келген шеберлер қала тұрғындарының көз алдында салды. Олар шара аяқталған соң, саябақта қалады.

         

10.09.2018