Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.09.2017

Қала күніне арналып велошеру


  Бүгін Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында қала күніне арналған велошеру өтті.
           

600-ден аса әуесқойлар «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан бастап Тұңғыш Президент саябағына дейін созылған 9 шақырымдық қашықтықты бағындырды.

  Олардың арасында бокстан жастар арасында Азия чемпиондары - Санатәлі және Саматәлі Төлтаевтар, спорттық акробатикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері - Айгүл Дүкенбаева, ушудан жазғы Универсиада-2017 ойындарының күміс жүлдегері - Руслан Либировтар велошеруге қатысты.

           

Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар және велосипедтер ойнатылып, «Office air» компаниясының атынан сертификаттар таратылды. Сонымен қатар Mad Kings Crew би командасы өз өнерлерін ортаға салып, велошабандоздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

           
 Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудіі он сегізіншісі болып саналады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

10.09.2017