Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.07.2019

Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданымен танысты


Ағымдағы жылдың 09 шілдесінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданын аралап,тұрғындарымен кездесті.

  

Қала басшысы Бостандық ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралап шықты

Б. Сағынтаев ауданда жаңадан салынған құрылыстардың бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандардың орналасуын қарастыруды айтып, Бостандық ауданының  әкімі А. Рақымбетовке тұрғындарды алаңдатын барлық мәселелерді шешудің нақтылы шараларын ұсынуды тапсырды.

 

Шаһар басышысымен кездесу барысында Ерменсай, Ремизовка, Ақтөбе, Бағанашыл, Нұрлытау, Алатау, Көкшоқы, Алма-Арасан, Жайлау ықшам аудандардың тұрғындары толыққанды және сапалы сумен жабдықтау, сондай-ақ электр қуатының үзілістермен келетіні және газбен жабдықтаудың нашар екендігі туралы шағымданды.

Ауданды аралау барысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағында болып парктің инфрақұрылымын қайта құру қажеттігі туралы айтылды.

Сондай-ақ қала әкімі «Сұңқар» тау шаңғысы кешенін аралап, кешеннің ағымдағы жай-күйімен және оны одан әрі дамыту шаралармен танысты.

Бұдан басқа, Алматы қаласының әкімі қала құрылысын аралау барысында құрылыс ұйымдарының басшыларымен кездесіп,қаланы одан әрі дамыту кезінде тұрғындардың пікірлерін ескеру қажеті туралы жиын өткізді.

10.07.2019