Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.07.2018

Ауданда алып тиін пайда болды


Алматы қаласы Бостандық ауданы аумағында «Атакент» көрем орталығына кіре берісінде алып тиін пайда болды. Бұл мемлекет пен FUNK креативті агенттігінің бірлескен жобасы. Оны тұрғызуға 23 миллион теңге жұмсалған, оның 15 миллионы мемлекет қаржысы, қалғаны FUNK креативті агенттігі төлеген.

                                                                                                                                                                             

Жобаның бас ұйымдастырушысы - қаланы безендіру жұмыстарын жүргізетін FUNK креативті агенттігі. Агенттіктің ұйымдастыруымен «Алматы - тёплый город» жобасы аясында қала әкімдігіне 11 сәулет нысаны ұсынылған. Қаланы безендіру мақсатында агенттік  өткізген байқауда  Британдық суретші Алекс Ринслердің жобасы үздіктер қатарына ілінген.

Британдық суретші Алекс Ринслер - алып жануарлардың мүсінін жасайтын танымал шебер. Оның  инсталляциясы Лондон мен  Шанхай тұрғындарына жақсы таныс. Алайда бұған дейін тек түлкінің пішінін жасап келген суретші «Алматылық тиінді» тәжірибесінде алғаш қолданып отыр. Биіктігі 13 метрге жететін «дәу тиін»  мүсіні әлем бойынша алып скульптуралардың бірі саналады.

   

Алматы әкімдігінің Мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасары Найля Мулюкова қалада салынатын арт-құрылымдар байқаудың екі кезеңінің нәтижесінде таңдап алынғанын және оған әкімдік тарапынан қолдау болғанын атап өтті.

«Келешекте біз тағы да жаңа шығармашылық байқауларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Арт-құрылымдар Алматының барлық ауданының көрінісін өзгертеді деген үміттеміз. Біз, алматылықтар, қаламыз қазіргі заманға сай, тұруға ыңғайлы және әлемнің ең әсем қалаларының қатарына кіруге лайықты екенін білеміз», - дейді FUNK креативті агенттігінің директоры Майра Измайлова.

10.07.2018