Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.06.2019

Ата-аналар мен балаларға хабарландыру!


Құрметті ата-аналар! Құрметті бозбалалар мен  жеткіншектер! Жаз айы – негізгі оқудан дем алып, өзін-өзі жетілдіру мен дамыту уақыты. 

                          

Осы орайда «Алматы қ. қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы», «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және «Біз Алматы» жобасы LEGO Education, STEM Center, Recycle BIRGE, Almaty Tour Studio және «Inventive» робототехника академиясымен  бірлесіп ұйымдастырған балалар мен жасөспірімдерді (5-18 жастағы) урбанистиканы  зерттейтін қызықты бағдарламаға қатысуға шақырамыз.

Бұл жерде балалар қаланың құрылысы қалай жұмыс жасайтынын, қауіпсіз және қызықты қоғамдық кеңістіктерді жасау қағидаттарын үйренесіз. Сондай-ақ әр түрлі жаңа технологияларды  пайдаланып  өз арманыңыздағы қаланы жасай аласыз.


Курс сабақтары келесі күндерде өтеді:
1.  8 маусым – Көлік жүйесі және инфрақұрылым (кіру: 500 тг.)
2. 15 маусым – Қоғамдық кеңістіктер (кіру: 500 тг.)
3. 22 маусым – Қаладағы және қоршаған ортадағы қауіпсіздік (кіру 500 тг.)

Аталған іс-шара сағат 10.00-нан 14.00-ке дейін Алматы қаласы, Абай даңғылы, 90 үй (қиылысы Айманов көшесі, 122 үй), 1-ші қабат мекенжайы бойынша «Алматыбасжоспар» ғимаратындағы Q-Lab кеңістігінде өтеді.

Алдын ала тіркелу төмендегі телефон нөмірлері бойынша  жүргізіледі:
 +7 702 980 08 70
 +7 707 730 60 40
 +7 775 534 24 60


 Жағымды оң әсер алып, көп жаңалық білгісі келетін барлық тілек білдірушілерді күтеміз!

10.06.2019