Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.05.2018

Жас спортшылар ҰОС ардагерлерін құттықтады


Бостандық ауданында «Бағанашыл» спорттық-сауықтыру кешенінің жас спортшылары ҰОС ардагерлері құттықтап, акробатика, би және гимнастикалық нөмірлерімен мерекелік концерт ұйымдастырды.                                                                                                                                            

           

Мерекенің басты қонақтары әрине, ардагерлер болды. Олар үшін жас спортшылар спорттық шеберліктерін көрсетіп, сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстады. Спорт мектебінің 150-ден астам тәрбиеленушілері үш пән бойынша: футбол, гимнастика, теннистен өз күш-жігерлері мен жеңіске жету баттылдықтарын көрсетті.

           

«Жеңіс күні» атты сурет байқауынд а балалар өз туындыларын ұсынды. Ал ардагерлер сұрапыл соғыс күндер тарихын балалар көзімен тамашалап көздеріне жас алып, еске алды.

           

Мерекелік шараның басты мақсаты - бүгінгі жастарды бейбіт аспан үшін бастарынан қаншалықты күш, қуат пен ертік жұмсалғанын көрсету, олар бәрін құрбан ету жолындағы патриотизм, әділдік мен мейірімділік сезімін келер ұрпаққа қалдыру және қазақстандық ардагерлерге алғыс айту.

10.05.2018