Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.05.2018

Қазақстанда «электронды үкімет» порталында бизнес ашумен байланысты төрт процедураны бір мезгілде тіркеу бойнша мемлекеттік қызмет көрсетіледі


Электронды үкіметтің www.egov.kz порталында шағын және орта бизнес субъетілеріне кәсіпорынды тіркеген кезде бір мезгілде ҚҚС есебіне тұрі, банктік шот ашу және қызметкерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру келісімшартын жасауға мүмкіндік беретін мемлекеттік қызмет жұмыс жасайды.

           

Бүгінгі таңда бұл қызметке екінші деңгейлі төрт банк «ForteBank», «ЦеснаБанк», «Халық Банкі», және «Аль-Банк», сондай-ақ екі сақтандыру компаниясы – «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру бойынша компания» АҚ және «Азия Life» өмірде сақтандыру бойынша компания» АҚ қосылған.

Қазіргі уақытта қосымша 9 банк пен 4 сақтандыру компаниясын қосу жұмыстары жүргізілуде.

Осылайша бизнесті осындай форматта электронды тіркеу шығындарды оңтайландырып, процедуралар мен мерзімдерді айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді.

Бұрын кәсупкер ең алдымен заңды тұлғаны тіркеуі, шот ашу ушін банкке тіркегені туралы анықтаманы апаруы, кейін ҚҚС бойнша есепке қою ушін мемлекеттік кірістер органына, сондай-ақ қызметкерді міндетті сақтандыру келісімшартын жасау ушін сақтандыру компаниясына баруы тиіс болған.


Бостандық ауданы Әділет Басқармасының 

жетекші маман   Айғанбеков Е.К.

                                                                                          

10.05.2018