Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.04.2018

Ауданда дуатлоннан Қазақстан чемпионаты өтті


Алматы қаласы Бостандық ауданы базасында Тұңғыш Президенті саябағында дуатлонан Қазақстан чемпионаты өтті. Еліміздің 6 өңірінен 140 спортшы «Дуатлон Спринт» (5 шақырым жүгіру, 20 км велоспорт, 2,5 шақырымдық жүгіру) және «Дуатлон-суперспринт» (2 км жүгіру, 8 км велоспорт, 1 км жүгіру) сайысынан сынға түсті.

           

Чемпионат сіркіреген жаңбыр астында басталды. Қатысушылар оны жақсылыққа жорыды, ыстық күн астанда жүгіргенге қарағанда бүгінгі күн жақсы деді. Айтпақшы, жауынды ауа райы маршрут сапасына және жарыс барысына еш әсерін тигізбеді.

«Ел чемпионаты Алматыда алғаш рет өтті, бірақ ұйымдастырушылар міндеттерін ойдағыдай орындап шықты.

Қатысушылар екі  санатқа бөлінді: PRO (жасөспірімдер категориясы: U15, U17, U19, U23, Elite), сондай-ақ 18-60 жас аралығындағы әуесқойлар).

           

Чемпионат жеңімпаздары (жасөспірімдер санаты): Асатбек Нарметов (U15)00.29.30 (Оңтүстік Қазақстан облысы), Тимур Баймұрат (U17) - 00.29.05 (Алматы облысы), Владислав Артюшенко (U17) - 00.32.43 01.01.56 (Алматы қ.), 01.01.56 (Алматы қ.), Газиза - 01.01.56 (Алматы облысы), Анастасия Маврина (U19 U23) - 01.22.18 (Шығыс Қазақстан облысы), Максим Крит (Элит) Құмақбаева (элита) - 01.20.38 (Алматы қ.).

 Абсолюттік жіктеу бойынша чемпионаттың жеңімпаздары Никита Федотковский (01.03.55) және Екатерина Шатная (01.16.22) болды. Жеңіпмаздарға медальдардан өзге 120 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар берілді. Чемпионатты Алматы қаласының әкімдігі, Алматы триатлон федерациясы, Қазақстан триатлон федерациясы, Алматы марафоны, World Class Almaty ұйымдастырды.

10.04.2018