Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.04.2017

Жас сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды


   Алматыда әскер қатарына көктемгі шақыру науқаны басталды.

Қазақстан Қарулы күштер қатары  тағы  да 51 сарбазбен толықты.

Өткен аптада Алматы қаласы  Қорғаныс істері Департаментінің  қалалық әскерге шақыру бекетінде  Отан алдындағы борышын өтеуге жас сарбаздар аттандырылды. Биылғы   жылғы  көктемгі шақырылымға  Алматы қаласынан 51,оның ішінде 7  сарбаз  Бостандық ауданынан аттанды.

          

  Шара барысында Алматы қаласы Қорғаныс істері Департаменті өкілі мен шығарып салушы ата-аналар, болашақ сарбаздарға  Отан алдындағы борыштарын адал, айбынды  абыроймен өтеп келулерін тілек білдіріп, туыстары және достары  қимай қоштасты.

         

Соңынан концерттік бағдарлама ұсынылды 

10.04.2017