Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.11.2018

«Отбасын нығайту және тәрбие рөлін арттыру»


2018 жылдың 8 қарашасында «Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы» шеңберінде Бостандық ауданындағы О.Жандосов атындағы № 105 гимназияда аудан әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызының, Алматы қаласындағы «Әйелдер ісі және отбасылық- демография саясаты» комиссиясының хатшысы Тоғызбаева Н.А. қатысуымен «Отбасын нығайту және тәрбие рөлін арттыру» тақырыбында семинар өтті.

           

Семинарды № 105 гимназияның директоры Салықбаева Әлия Төлегенқызы ашты. Ол Бостандық ауданының білім беру мекемелерінде «Отбасылық тәрбие бағытындағы жұмыс жүйесі» тақырыбында баяндама жасады.

           

Өз кезегінде № 51 гимназияның психологы Бредихина Н.И. «Бостандық ауданында ата-аналар залдарының жұмысын ұйымдастыру» және № 105 гимназия психологы Н.В. Жданова «Отбасы мен отбасы құндылықтарын көтеру бойынша психологтың ұсыныстары» тақырыбында баяндама оқып, Гимназиядағы жұмыс туралы әңгімелеп, ата-аналардың қарым-қатынасы себебінен жасөспірімдер арасында өзін-өзіне қол жұмсау туралы бейне ролик тамашалады.

           

Жиын соңында, семинарға қатысушылар мен комиссия мүшелері пікір алмасып және аудиториядан түскен сұрақтарға жауаптар берілді.

09.11.2018