Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.10.2017

«Кедергісіз - тұрғын үй» жобасымен жылжымайтын мүлікті заңдастыру мәселесі бойынша тұрғындармен кездесу


 Кешегі сенбіде Бостандық ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Бекқали Нұрғалиұлы Торғаевтың төрағалық етуімен және адвокаттар коллегиясының қатысуымен «Кедергісіз - тұрғын үй» жобасы бойынша жылжымайтын мүлікті  заңдастыру мәселесі бойынша аудан тұрғындарымен кездесу өтті.

           

Кездесуге Бостандық ауданы сотының азаматтық істерді қарау бойынша судья -Баянов Алтынбек Бейсенбайұлы, Алматы қаласы Сәулет және қала құрылыс Басқармасының бас маманы - Томашев Қалижан Сапарұлы,  Алматы қаласы Әлеуметтік-экономикалық сала бойынша Басқарма басшысы - Чембеков Сабит Шамилұлы,  адвокаттар коллегиясы және аудан тұрғындары қатысты.

           

Жиынды алғы сөзімен ашқан аудан әкімі Б. Н. Торғаев қазіргі уақытта осы санаттағы даулар үлкен қоғамдық резонансқа ие. «Олардың дұрыс және уақытылы шешілуінен жер-құқықтық қатынастарды дамыту ғана емес, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік-саяси жағдайы да байланысты», - деп атап өтті.

Шараның барысында аудан тұрғындары өздерін толғандыратын сұрақтарға заңнама шеңберіндегі тиісті жауаптар алды.

09.10.2017