Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.09.2017

«Бақытты отбасы- бақытты балалық шақ»


  «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданыдық филиалының қолдауымен ауданның жалпы білім беру мектептерінде «Бақытты отбасы- бақытты балалық шақ» партиялық жоба аясында түрлі танымдылық  сауықтыру іс-шаралар бастау алды.

    

  № 60,81,165,63,105 ЖББМ, № 7 мектеп-интернаты мен тағы басқа білім ошақтарында  «Біз салған үй» - «Дом который построим мы» семинар-тренинг, концерт, театрландырылған қойылымдар, спорттық шаралар, флеш-моб, конкурстар асфальтта сурет салу, викториналар өткізілді.

      

   №165 Мектеп- гимназияда «Біз салған үй» атты  семинар–тренинг жаңа технологияны пайдалану арқылы өтті. Сайысқа қатысқан әр оқушы «Біз салған үй» атты қабырға газетіне  өз тілектерін жазып қалдырды. Ал № 60, 63, 105, салауатты тамақтану туралы кеңестер, фитнестен шеберлік сыныптар, спорттық ойындар мен отбасы эстафетасы өтті.

      

ДКИБ базасында аталған мекеме психиологымен пациенттер  мен олардың отбасы мүшелерімен әңгімелер жүргізіліп, театрландырылған қойылым өтті. 

        

09.09.2017