Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.08.2019

Ауданда екінші "Ашық есік күні өтті


Алматы қаласы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы аясында, бекітілген кестеге сәйкес  бүгін 2019 жылы 9 тамыз күні Бостандыө ауданы әкімі Алтай Рақымбетов ауданға қосылған аумақтың Ермансай ықшам ауданындағы №183 жалпы білім беру мектебінде  қалалық басқарма өкілдерімен бірге аудан тұрғындарымен кездесті.



Атқарушы орган өкілдерімен кездесуге келген тұрғындар саны көп болды, олар ауыз сумен қамтамасыздау, көше тазалығы, аула және көше бойын жарықтандыру мен жұмысқа орналасу сұрақтарын көтерді.

Ашық есік күнінде қойылған барлық сұрақтар мен ұсыныстарға заң аясында жауаптар және түсініктемелер берілді. Кейбір сұрақтардың орындалуын бақылауды аудан басшысы өз құзіретіне алды.

Келесі "Ашық есік күні" 13 тамызда Дулати даңғ, 52/2   "Bikumis" мейрамханасында өтеді.

09.08.2019