Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.07.2018

Аудан әкімі азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады


Әр аптаның бірінші күні, яғни дүйсенбісінде бекітілген кестеге сай Бостандық ауданы әкімі Бекқали Торгаев ауданның азаматтарын жеке сұрақтарымен қабылдайды. Бүгінде сол дәстүр үзілмей қабылдауға жазылған 8 азамат көмек қолын сұрап келген.

           

Қабылдауға сонымен қоса аудан әкімі аппаратының бөлім жетекшілері де қатысып, азаматтардың көтерген мәселелерін бірге шешті.

Қабылдауға келген Радостовец көшесінің тұрғындары аулаларын көріктендіріп беруін сұраса,ендігіде Турганов Азизжан атты кісі ауданда жексенбі күндері азық түлік жәрмеңкесін ұйымдастыру сұрағы бойынша, ал үшінші Сарсембаева Куляш апа ҰОС ардагерлеріне, мүгедектерге, зейнеткерлерге арналған  қайырымдылық шаралары туралы мәселені көтерді.

           

Жалпы бүгінгі кездесуге жазылып келген барлық азаматтардың сұрақтары мұқият тыңдалып, заң шеңберінде тыңғылықты жауаптар берілді және айтылған мәселелерді шешуге көмектесу үшін Бекқали Нұрғалиұлы бөлім басшыларына тапсырма берді.

           

Оларды жүзеге асыру бойынша жұмыс аудан басшысының үнемі жеке назарында және белгіленген мерзімде заң шеңберінде орындалуы бойынша өтініш иесіне жауап беруді бақылауға алып отырады.

Естеріңізге сала кетейік, әр аптаның дүйсенбі күні сағат 14:30-да аудан әкімі Бекқали Торғаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайды.

09.07.2018