2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.06.2020

Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы WhatsApp нөмірін жариялады


Алматылықтар шағым, ұсыныстарын Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына WhatsApp арқылы жолдай алады.

Бұл туралы Камалжан Надыров брифинг барысында айтты,

«Қолданыстағы байланыс арналарынан басқа, халыққа ыңғайлы тағы бір байланыс тетігі туралы жариялағым келеді: бұл – 8 777 8888 103 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберу арқылы жүгіну.
Енді, Алматы қаласының әрбір тұрғыны мен қонағы шаһардың денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайды жақсарту бойынша шағымымен немесе ұсынысымен жүгіне алады.

Барлық хабарламалар қаралып, назарға алынатын болады»,– деді ол. Сондай-ақ, ол аталған нөмірге Алматы қаласының аумағында болып жатқан бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің нұсқамаларын бұзу фактілерінің фото және бейнежазбасын жіберуге болатынын атап өтті.



09.06.2020