Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.05.2019

Бостандық ауданы ардагерлері Ұлы Жеңіс күнін атап өтті.


Бүгін 2019 жылы 9 мамыр күні  Алматы қаласы және барша Қазақстандықтар  Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 74 жылдығын атап өтті.

Алматы қаласындағы басты мереке дәстүр бойынша 28 Панфиловшылар саябағындағы  мәңгілік алау алдында өтті.  Бостандық ауданынан барған  Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен еңбек майданына қатысушыларды  шара соңынан Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі атынан "Атакент" ҚІЫО орналасқан «Бақшасарай» мейрамханасында мереке құрметіне жайылған ақ дастарғанға шақырылды.

 

Барша қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Серік Адилбаев және аудандық ардагерлер мен зейнеткерлер қоғамының төрағасы Биржанов Хамид Біржанұлы құттықтап,  зор денсаулық, қажымас қайрат тіледі.

 

Мерекелік дастархан Қазақстан эстрада жұлдыздары мен Бостандық ауданы балалар шығармашылығы үйінің талантты жастарымен ұйымдастырылған концерт жалғастырды.

 


09.05.2019