Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.05.2018

Бостандық ауданы ардагерлері мәңгі алауға гүл шоқтарын қойды


Бүгін қаламызда Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 73 жылдығына арналған  басты мерекелік шара дәстүр бойынша 28 гвардия- панфиловшылар саябағында өтті.   

          

Таңғы сағат 8.00-ден  28 гвардия- панфиловшылар саябағына жиналған қара саны шексіз, Сағат 10.00-де салтанатты жиын Елбасы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев соғыс ардагерлерін және мерекеге жиналған барша жұртты  Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 73 жылдығымен құттықтау сөзімен ашылды.

           

Ардагерлерге арналып шатыр астында орындықтар бой тізілді.

28 гвардия- панфиловшылар саябағындағы мерекелік шара соңында Бостандық ауданы әкімі Б.Н.Торғаев аудан ардагерлерін салтанатты дастарханға "Бақшасарай" мейрамханасына шақырды.  Мерекелік дастарханға 600-ден аса адам қатысты.

           

Онда ардагерлерді жылы шыраймен қарсы алған аудан әкімі аппараты қызметкерлері дастархан басындағы белгіленген орындарына жайғастырды.

Шараны  аудан әкімінің орнбасары Маржан Балбаева құттықтау сөзімен ашты.

           

Өз кезегінде аудандық ардагерлер және зейнеткерлер кеңесінің төрағасы Біржанов Хамит Біржанұлы сөз алып, ардагерлерді құттықтады.

           

Салтанатты қабылау қазақстан эстрада жұлдыздарының және Бостандық ауданы балалар шығармашылық үйінің талантты өнерпаздарының қатысуымен  концерттің бағдарлама жалғастырды.

09.05.2018