Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.05.2018

Елбасы аудан ардагерін 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтады


Бүгін 2018 жылдың 9 мамырда Бостандық ауданының Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдаимов Әдіш ата 100 жасқа толды.

           

28 Панфиловшылар паркінде өткен Президентпен кездесуі барысында Әдіш атаның туғанына 100 жыл толуымен Елбасы құттықтап,ұзақ ғұмыр тіледі. Кейінірек Алматы қаласының әкімі Б.Байбек және Бостандық ауданының әкімі Б.Торғаев ардагердің шаңырағында болып мерейтойымен құттықтады.

           

Билік өкілдері ардагерде зор денсаулық,ұзақ өмір тілеп плазмалық теледидар, азық түлік дорбасын сыйлады.

Ардагердің айтуы бойынша, ол 1918 жылы 9 мамырда дүниеге келген. 1938 жылы Харьков фармацевтикалық институтына түсіп, 1941 жылы майданда 173 атқыштар дивизиясы қатарында болды.

«Бергедорфтағы және Нойенгамм концлагерінде тұтқында болғаннан кейін, Әдіш ата 1947 жылы үйге оралған.

1952 жылы Ташкенттегі Орталық Азия мемлекеттік университетін биология мамандығы бойынша бітірген. Оқудан кейін Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында эксперименттік станцияның зертханасының меңгерушісі болып жұмыс істей жүріп мақтаның жаңа түрлерін шығарған. Қарт ата төрт баланы тәрбиелеп, олардан үш немере бір шөбере сүйіп отырған бақытты ата.Қазіргі таңда Алматы қаласы Бостандық ауданында сол немересі мен шөбересінің ортасында тұрады.

09.05.2018