Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.04.2019

Ауданда академик Аймақ Джангалиевтің 100 жылдығына арналып мемориалдық тақта ашылды


2019 жылдың 8-ші сәуірінде  Бостандық ауданында  Қазақ Жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында академик  Аймақ Жанғалиев Жанғалиұлының 100 жылдық мерейтойына арналып мемориалдық тақта ашылды.

 

Салтанатты шараны алғы сөзімен ашқан ҚазЖКШ ҒЗИ» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Садықов Серік Тюлеубайұлы сөз кезегін шараның құрметті қонағы, академиктің қызы София Жанғалиеваға берді.

 

Ашылу салтанатынан кейін қонақтар «Мерейтой аллеясында» алма ағаштарын отырғызды.

 

Шара барысында ғылыми кеңестің кеңейтілген кеңес отырыс болып, онда ҚазЖКШ ҒЗИ» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Садықов Серік Тюлеубайұлының «Рухани жаңғыру» кескініндегі Қазақстанның бау-бақша ғылымы (басталуы, жағдайы, болашағы), Қазақстан аграрлық ғылымының тұрақты дамуына қызмет еткен 60 жыл» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалып талқыланды.

 

Жиын соңында ғылыми кеңеске қатысушылар КазЖКШҒЗИ құрылғанына 60 жыл және тарихы туралы фильм көрумен аяқталды.

 

Аймақ Джангалиевтің арқасында әлем «Sivers» жабайы алма туралы білді. Сондай ақ Ботаник өзі тағы 27 құнды клондалған сорттарын шығарған, сол үшін оны ғылыми орталарда «алма әкесі» деп атап кеткен. Осыдан 60 жыл бұрын ол ғылыми-зерттеу институтын құрды. Оның күшімен ескі Алматы және оның төңірегі жеміс бақшаларына айналды. Аймак Джангалиев 170-ге жуық фундаменталды монографиялар жариялады, олардың кейбірі ағылшын тіліне аударылған. Оның жұмысын АҚШ, Англия, Германия және Жаңа Зеландиядағы әріптестері зерттеген.

 

А.Ж.Жанғалиев -1913 жылы 15 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Ащысай ауылында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтының жеміс-көкөніс факультетін бітірді (1935) агроном. Биология ғылымдарының докторы (1970). ҚР БҒМ Ботаника және фитоинтродукция институтының профессоры (1994). ҚР ҰҒА академигі.

8 монографияның авторы: «Садоводство Казахстана» (1963), «Основы породно-сортового районирования плодово-ягодных культур и винограда в Казахской ССР» (1967), «Сорта винограда Казахстана» (1967), «Сорта плодово-ягодных культур Казахстана» (1968), «Дикая яблоня Казахстана» (1977), «Дикие плодовые растения Казахстана» (2001), “The wild apple tree of Kazakhstan” (New York, 2003), “The wild fruit and nut plants of Kazakhstan” (2003), 168 научных публикаций.

09.04.2019