Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.04.2018

Аудан оқушылары «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайына болып қайтты


Ағымдағы жылдың 07 сәуір күні «Рухани жаңғыру»   бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру және насихаттау аясында Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты ауданның жалпы білім беретін мектеп оқушыларына «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайына экскурсия ұйымдастырды.

           

Таңғы сағат 8.00-де № 146 мектеп лицей алдында жиналған оқушылар, сынып жетекшілері мен медқызметкер және құқық қорғау органы өкілі 60 орындық автобусқа отырып Есік елді мекеніне жол тартты.

          

Межелі жерге 40 минут жол жүріп жеткен оқушыларды мұражай қызметкерлері қарсы алып, ашық аспан астындағы қорықтармен таныстырудан бастады. Экскурсия барысында сақ қорғандарының тарихы, Алтын адамның табылуы, тарихы туралы және мұражай ішіндегі басқа да жәдігерлермен таныстырып, олардың тарихы баяндалды.

           

Шараның мақсаты мұражай мен оның коллекциялары арқылы тарих пен мәдениет туралы білім алуға қызығушылықты арттыру, туған жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, туған өлке туралы танымдарын кеңейту, мұражай ескерткіштеріне мұқият, құрметпен қарауды дамыту; тарих пен мәдениеттің бірлігін түсінуді және қалыптастыру.

           

           

           

«Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемініңзираты табылды. Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуіріненсақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан. Топырақ қорғандармен ұштасып жатқан қорым солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 шаршы км жерді алып жатыр. 40-тан астам обадан тұратын қорымның оңтүстік шетінде биіктігң 6 м, диаметрі 60 м үйінді төбе астынан екі қабір ашылды. Біреуі ертеректе тоналған.  Екіншісінен жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі ашылды. Қабір шырша бөренелерден жасалған, көлемі 3,3х1,9 м, биікт. 1,5 м, сол жақ бөлігіне қойылған сақ жауынгерінің басы батысқа қаратылып жатқызылған. Қабірдің оңт. және батыс шеттерінде металл, қыш, ағаштан істелінген ыдыстар, зергерлік бұйымдар қойылған. Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір құрсаулармен бекітілген, еденіне тақтай төселген, ал адам қойылатын жеріне алтын жапсырмалармен безендірілген төсеніш салынған. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген.  Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археол. мәліметтерге қарап, бұл адамның б.з.б. 5-4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, А. а-ның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология т. б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемл. өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді.

Алтын адам — Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді.


09.04.2018