Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.04.2018

Жемқорлыққа қарсы - «Адал жол» марафоны өтті


Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Алматы қаласы Бостандық ауданы базасында Тұңғыш Президент саябағында «Адал жол» атты жемқорлықпен күрес марафоны өтті.

           

Шараның басты мақсаты барлық қоғам өкілдерін жемқорлыққа қарсы қозғалыс арқылы оның барлық белгілеріне деген төзімсіздікке щақыру.

Марафон эстафета принципі бойынша өткізілді. Құрамында жастар мен қоғам қайраткерлері бар белсенді топ өкілдері белгіленген бағытпен арнайы автобуста қаланың 8 ауданын аралап шықты. Шара барысында флеш-моб, әртүрлі концерттік бағдарламалар өткізілді. «Эстафета шырағының» ең соңғы нұктесі Бостандық ауданына келіп тоқтады.

           

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы – А.Б. Байханова сөз сөйлеп Эстафета шырағын Бостандық ауданына салтанатты түрде табыстады.

           

Эстафета шырағын қабылдап алған Бостандық ауданы әкімінің орынбасары М.Е. Балбаева сөз сөйледі. Әкім орынбасары өз сөзінде жемқорлықпен күрестің маңыздылығына тоқтала кетіп, оның барлық формаларымен қоғамды бірлесе отырып күресуге шақырды.

Марафон аясында Бостандық ауданы әкімі аппаратының қолдауымен Тұңғыш Президент паркінде аудан тұрғындары мен жастарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлтық өнер академиясы колледжінің, «Апельсин» студиясы мен «Балауса» вокалдық ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар «AlmaU» және Алматы Байланыс және Энергетика Университеттері студенттерінің бірлескен флеш-мобы көрермендердің қошеметіне бөленді.

09.04.2018