Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.01.2018

ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарымен кездесу


  Бүгін Бостандық ауданында орын тепкен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары: Ихсанова Гүлнар Мстахымжықызы, Мысырман Құрбай Иманжанұлы, Мамыраев Бейбіт Баймағанбетұлы іс сапармен болып қайтты.

           

Кездесу  барысында халық қалаулылары киностудияның тыныс-тіршілігімен таныстып, болашақ жоспарларын талқыға салды.

           

Шараға Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы, »Нұр Отан» партиясы Алматы алалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Табеев Қайым-Мұнар Тұрдақынұлы, Алматы қаласы Мәслихат депутаты Байрамуков Ислам Ілиясұлы, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мүшелері және киностудия қызметкерлері қатысты.

          

09.01.2018