Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.11.2018

Қазақстанның мемлекеттік Елтаңбасына өзгерістер енгізілді


Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы елеусіз өзгерістермен жаңа нысанда пайда болады. Ондағы елдің атауы жаңа алфавит бойынша латын әріптерімен жазылады.

           

Бостандық ауданы әкімінің аппаратында Елтаңбаның латын алфавитіне жазылуын түсіндіру мақсатында кездесу өтті, оған ауданның мемлекеттік ұйымдарының өкілдері қатысты.

Латын әліпбиіне біртіндеп көшуіне байланысты республика атауының елтаңбасына қатысты ұлттық стандартқа өзгерістер енгізілді.

          

Мемлекеттік Елтаңбаның «Қазақстан» деген жазу «"QAZAQSTAN"» латын әріптерімен жазылған сөзбен ауыстырылды.

                                                   

Бұл шешім КТРМ жетекшісі Арман Шаққалиевтің төрағалығымен Эталон орталығында өткен кездесуде Ғылыми-техникалық комиссияның шешімімен Мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековтің қатысуымен қабылданды.

Кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылар ҚР № 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына» енгізілген №1 түзетуді мақұлдады..

Осылайша, Мемлекеттік Елтаңбадағы «Қазақстан» деген сөз «QAZAQSTAN» латын әріптері бойынша өзгерілтілді, сондай-ақ «ΔE» түс кеңістігінің толеранттылығына байланысты ұлттық стандартқа өзгерістер енгізілді».

08.11.2018