Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.10.2019

Бостандық ауданында колледж студенттері арасында Волейболдан жарыс өтті


Бостандық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Жастар жылы» аясында жастарды салауатты өмір салтына насихаттау және спортқа ынталандыру мақсатында аудандағы арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында волейбол жарыс өтті.


Спартакиада бағдарламасының ережесіне сәйкес 4 арнаулы орта оқу орындарында (Алматы мемлекеттік электромеханикалық, Алматы құрылыс және менеджмент, Алматы мемлекеттік сервис және технология, Алматы энергетика және байланыс колледждерінде) ұлдар және қыздар арасында волейболдан бірінші топтық кезеңдік өткен жарысқа барлығы 16 команда тіркеліп, 160 спортсмен қатысты.


Сайыс қорытындысы бойынша ақтық мәреге 4 команда жолдама алды. Алдағы сенбі күні екінші топтық кезеңде 20 команданың арасында жарыс өткізу жоспарлануда.


08.10.2019