Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.10.2018

Күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық жұмысы пысықталды


Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Алтай Ерғазыұлы Рақымбетов ауданның 2018/19ж. күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындығын пысықтады.

           

«Жылыту маусымына дайындық Алматы қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес және қалалық штабтың бақылауымен энергетика және инженерлік желілердің негізгі және қосалқы жабдықтарын жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес жүзеге асырылуда» ,-деген Бостандық ауданы әкімі аппаратының коммуналды шаруашылық бөлімінің жетекшісі Әліпбеков Әділет алдағы 2018/19 жылға аудандағы көп пәтерлі тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындық туралы баяндады.

           

Алматы жылу тораптары, кешен АПК және АТКЭ өкілдерінің айтуынша, бүгінгі таңда жылу беру маусымының басталуына қарай энергетикалық кешеннің сақадай сай екендігін жеткізді.

Қазіргі уақытта аудан бойынша күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық шаралары бекітілген жоспарға және желілік кестеге сәйкес үзіліссіз жүзеге асырылуда.

08.10.2018