Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.10.2018

Аудан әкімі қоғамдық қабылдау өткізді


Бостандық ауданы әкім Алтай Рақымбетов бүгін аудан азаматтарының жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

           

Бірінші басшының көмегіне жүгінген 10 адам уақыттарынан кешікпей келді.

Тұрғындардан келіп түскен сұрақтардың барлығы дерлік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, яғни аула ішін көріктендіру, аула ішіндегі жолдарды жөндеу және заңсыз автотұрақтарды алып тасау мәселелеріне қатысты болыд.

Белгілі болғандай, бүгінгі күні аудан әкімінің қоғамдық қабылдаулары әртүрлі мәселелерді шешуде және азаматтарға нақты көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады. Олардың тиімді және тез шешім қабылдау үшін бүгінгі әкімнің жеке қабылдауына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен өкілдері қатысты. Алтай Ерғазыұлы ұшақтардың қойған сұрақтарына нақты жауап берді және мемлекеттік, құқық қорғау органдарының басшыларына әр өтінішті мұқият қарастыруды және нақты шешуге нұсқау берді.

08.10.2018