Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.05.2018

Ұлы Отан Соғысы ардагерлерін құттықтады


Ұлы Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева және аудандық ардагерлер мен зейнеткерлер кеңесінің төрағасы Хамит Біржанов ауданда тұратын Журавлев Александр Степанович, Джубаниязов Бисенгали Айтжанұлы және бірқатар Ұлы Отан соғысы ардагерлерін мерекелерімен құттықтап шаңырақтарына барды.

           

Мерекелік кездесулер   жылы шырайлы көңілде өтті.

Ардагерлер соғыс жылдарынан естеліктер айтып, жеңіске жету жолындағы боздақтарды туралы әңгіме айтып, көздерін жас алды.

 Аудан әкімінің орынбасары Маржан Ертайқызы олардың ерліктері келер ұрпаққа үлкен өнеге және үлгі болып арамызда аман жүрулерін тіледі. Өз кезегінде Хамит Біржанұлы ардагер қаттарға зор денсаулық пен отбасы берекесін тілеп аудан әкімі атынан тартылған сыйлықтарды табыстады.

 

   ЖУРАВЛЕВ АЛЕКСАНДР СТЕПАНОВИЧ

Ветеран Великой Отечественной войны.Александр Степанович родился в Алтайском крае город Барнаул 30 мая 1925 года. Закончил 7 классов перед войной в августе поехал учиться в техникум на экономиста.

Не закончил т.к. призвали в армию в артиллерийское училище город Новосибирск. Прервав училище, направили на Карельский фронтвоевать с Финнами. Линия Маннергейма иоттуда направилина 1-ый украинский фронт. Прошел Украину, Польшу, немецкую территорию. Форсировал реку Одр. Перед Берлином 28-29 апреля и 1-2 мая встретили уличные бои. После Берлина пошли на город Дрезден. После Дрездена 8-9 мая в Праге встретили Победу. Имеет награды: Орден Отечественной Войны 2 степени, Медаль за Боевые заслуги, взятие Берлина, За освобождение Праги и др. (всего 16 медалей).

В мирное время закончил политехнический техникум. Затем закончил Томский инженерно-строительный институт.

По окончанию был направлен в город Норильск. В городе Норильске  работал в горстрое - главный инженером, начальником управления.

По вызову был направлен в город Алматы, начальником по строительству жилья и соцкультбыта. Сдавали такие объекты как аэровокзал, школы, детские сады. Принимали участие в строительстве городского акимата в 1987-89 годах. Работал на Гидромаше – главным инженером отдела капитального строительства. В 1980 вышел на пенсию. 35 лет на пенсии.

                                         

                                         ДЖУБАНИЯЗОВ БИСЕНГАЛИ АЙТЖАНҰЛЫ

Ұлы Оан Соғыс ардагері, партия мүшесі және мемлекеттік қызметкер.

БисенгалиАйтжанұлы  Ақтөбе қаласында 1925 жылы 11  наурызда туылған. Орта мектепті бітіргенен кейін майданға аттанған.

 1942жылы Рижс қаласында  жаяу әскер училищесінде білім алған. Бригаданың іріктеуінен кейін Батыс майданда Смольнидегі Калинин қаласында 40 армия құрамында әскери борышын орындаған. Ауыр жарақаттан кейін   госпитальда ем алып шыққан.  1944 ж.Кольский жарты аралына Солтүстік майданға аттанған.   Беломор жағалауын қорғау бойынша әскери міндетін орындаған.

Соғыс аяқталғаннан кейін Карело-Финск ССР Петрозаводск қаласында әскери қызметін жалғастырған.  1950 жыл әскерден оралған.  Ақтөбе қаласына оралған ол ,  түлі мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған.

1968 жылы   Алматы облысына  қоныс аударып, Талдықорған қаласында облыстық комхоз меңгерушісі болып еңбектенеді.  Облыстың кеңес депутаты, Облыстың кеңес, облыстық партия мүшесі.

1975 жылы Алматы қадасы коммуналды шаруашылық басқармасына жұмысқа ауысады.  Еңбек ардагері, зейнеткер  4 бала тәрбиелеп, 5 немере, 4 шөбере сүйіп отырған ардақты ата. 

 



                         

08.05.2018