Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.02.2018

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратында әлеуметтік маңызды аурулармен күрес жүргізту ведомствоаралық комиссияның отырыс өтті.


   Елбасының Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» былай делінген. Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек.

           

Бүгін Бостандық ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары, әлеуметтік - маңызды аурулармен күрес жүргізту ведомствоаралық комиссияның төрағасы - Балбаева Маржан Ертайқызының төрағалық етуімен аудандағы медициналық ахуал жайында кеңес отырысы өтті.

           

Шараға Комиссия төрағасы Балбаева М. Е, комиссия төрағасының орынбасары, Бостандық ауданы бойынша қоғамдық денсаулықты қорғау басқарма басшысы - Хасенов Қайрат, комиссия мүшелері, комиссия хатшысы Сәдібек Қ және ауданның ЖОО мен ОАОО ректорлары ЖББМ директорлары мен Ішкі істер басқармасы өкілдері қатысты.

           

Кеңес отырысы барысында күн тәртібіне қойылған сұрақтар бойынша баяндамалар оқылып, өткен 2017 жыл қорытындылады.

Жиын соңында ағымдық мәселелер талқыланып, бірқатар шешімдер шығарылды.

 

 

08.02.2018