Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.11.2018

Ауданда әкім кубогына арналған халықаралық футбол туниры аяқталды


Бес күн бойы ала доп сайысына түскен халықаралық ойынға 38 команда қатысты. Бүгін жеңімпаздар анықталып, бас жүлде, естелік сыйлықтар берілді. Турнир үш дәреже бойынша өтті. 2005-2006 ж, 2007-2008 ж. және 2009-2010 жылы туылғандар. Жас футболшылар жүлделі орынға бар өнерлерін салып, тартысты айқас өткізді.

           
Турнирдің алғашқы күнінен бастап финалға шыққан көшбасшылар анықталды. Шешуші ойындарда күрес күрделі болды. Жеңімпаздар чемпионат нәтижесі бойынша жариялады.

Жабылу салтанатындағы турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктар мен дипломдармен марапатталды

           

Турнир қорытындысы бойынша :

2005-2006 ж.т.

1 - орын    «Тараз» командасы

2 - орын «ДЮСШ»   Узынағаш

3 - орын «Болашақ жастар» Қарағанды.


2007-2008 ж.т.

1-орын «Кайрат-1» Алматы

2- орын С. Келтжанов атындағы «Намыс 2008» командасы

3- орын Актау қ. Каспий ФО

4- орын «Талғар» Ск ТС


2009-2010    ж.т.

1- орын « Шахтер 200» ФО

2- орын «Кайрат Ыссык 2009» ФО

3 -орын « Ордабасы 2009» ФО

4- орын «Шахтер 2010» ФО иеленді.

Ойынға қатысушылардың барлығы медальдармен марапатталды.

07.11.2018