Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.11.2018

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының ұжымы Елбасының Жолдауын талқылады


Заң ғылымдарының кандидаты, «Құқықтық тәжірибе орталығы» ЖШС-нің оқытушысы Надирова Айнур аудандағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы Орталығының қызметкерлерімен кездесіп «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын талқылады.

           

2018 жылғы қазан айындағы Қазақстан халқына Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеттеріне арналған. Талқылау барысында Қазақстанның әл-ауқатын жақсарту үшін 6 фактор анықталды. Мемлекет басшысы Жолдауында білім беру, денсаулық сақтау және ең төменгі жалақыны 1,5 есеге арттыру қажеттігіне назар аударды. Жаңа жылда Астанадағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықты құру жоспарланып отыр.

Ең маңызды міндеттер қатарында ол «7-20-25» бағдарламасы бойынша халық үшін қолжетімді баспана сапасын арттыру қажеттілігін атап өтті. Бұл «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы жас отбасылар үшін одан да қолжетімді болатынын білдіреді.

           

Сонымен қатар, Айнұр Надирова еңбек қатынастары саласындағы маман ретінде Қазақстандағы еңбек құқығы субъектілерінің жекелеген санаттарының еңбек және құқықтық мәртебесін анықтады. Ол Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелерін, сондай-ақ оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талдады. Құқықтық реттеуді одан әрі жетілдіру еңбек қатынастарында ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын қамтамасыз ету механизмін жетілдіруге, ерлер, әйелдер, 18 жасқа толмаған адамдар, мүгедектер үшін тең құқықтар мен тең мүмкіндіктердің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Еңбек саласында еңбек қатынастары әртүрлі. Бұл тек қана қоғамдық, сонымен бірге жеке құқық, сондай-ақ еңбек заңнамасының өзі, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, жеке халықаралық құқық және халықаралық қоғамдық құқық нормаларымен реттелетін процедуралық қатынастар болуы мүмкін. Бұл еңбек құқығы саласының күрделілігіне байланысты. Олардың әрқайсысын бөлек қарастыру қажет екенін жеткізді.

Кездесу соңында Айнұр Надирова тыңдаушылардың сұрақтарына нақты және сауатты жауаптар берді.

07.11.2018